«Нұр Отан» партиясының «Отбасымның тарихы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бейсенбі, 18 қыркүйек 2014 г.

Қазылар алқасы Фейсбуктегі үздік жазбаның авторы Нүсіпбек Ризабек, Вконтакте желісіндегі үздік жазбаның авторы Ирина Олейник және Инстаграмдағы үздік суреттің авторы оралдық Гордей Тришенков деген қорытындыға келді.

Жеңімпаздар CANON EOS 650D фотоаппаратына ие болмақ.

Айта кетейік, Отбасы күні мен партияның отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында қолға алынған конкурс тамыздың 26-нан бастап қыркүйектің 9-на дейінгі кезеңде өткізілді.

Конкурсқа жолданған жазбалар мен суреттер арасынан 60 шығарма қарастырыла келе, әр номинация бойынша 5 автор ақтық кезеңге жіберілді. Қазылар алқасы осылардың арасынан жұмыстарын Фэйсбук, Вконтакте және Инстаграмда жариялаған үш авторды жеңімпаз деп тапты.

Байқау әлеуметтік желілерде қызу қолдауға ие болып, Қазақстанның түрлі қалаларының тұрғындары – түрлі маман иелері, түрлі жастағы адамдар Facebook, VKontakte, Instagram парақшаларында #otbasy хэштегімен жазбаларын жариялады. Қатысушылардың отбасылық тарихы press@nurotan.kz электронды поштасына да келіп түсті.

Келіп түскен шығармалар жанрының алуандығы байқауға қызығушылықтың жоғары болғанын көрсетеді. Тақырыпқа қатысты дүниелер эссе, өлең, фоторепортаж, бейнероликтер түрінде жолданды.

Байқауға ұсынылған үздік мақалалар мен жазбалар, фото материалдар партия сайтында жарияланатын болады.

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10

шiлде 2016

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
 
 
 
 
1
 
2
 
3
 
4
 
5
 
6
 
7
 
8
 
9
 
10
 
11
 
12
 
13
 
14
 
15
 
16
 
17
 
18
 
19
 
20
 
21
 
22
 
23
 
24
 
25
 
26
 
27
 
28
 
29
 
30
 
31