2015 жыл бастауыш партия ұйымдарының жылы аясында өтеді

«Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымы туралы ЕРЕЖЕСІ

Жаңалықтар

  • Бейсенбі, 22 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы маусым айында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын жариялаған болатын. 21 қазан күні партияның Ақтөбе облыстық филиалында байқаудың облыстық кезеңі өтті.

    Сайысқа партияның қалалық және аудандық филиалдарынан іріктелген 24 бастауыш партия ұйымы қатысты. Олар партиялық  жобаларды жүзеге асыруы, ішкі партиялық жұмыстары, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануы, азаматтық бастамаларды іске асыруы, атқарған жұмыстарын БАҚ-та жариялауы, жетекшінің белсенділігі және жастармен жұмысы бойынша сынға түсті.

  • Сәрсенбі, 21 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының Партиялық бақылау комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес «ҚазАгро» БПҰ-да ашық жиналыс өткізді. Қазіргі таңда өзекті болып тұрған тақырып сөз болған, жиналысқа партияның Астана қалалық филиалының қызметкерлері мен «Жаңару»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

  • Сейсенбі, 20 қазан 2015 г.

    Партияның Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Нұр» филиалы төрайымының Бірінші орынбасары Асхат Оралов және «Нұр» филиалы консультанты Мұхамеджан Болысбек университтегі бірінші курстың белсенді студенттерімен кездесті.

    Кездесу барысында Асхат Раздықұлы ағымдағы уақытта жүргізіліп отырған партия жұмысы туралы айтып өтті.

  • Жұма, 16 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының ақпарат-насихат тобының мүшелері «KAZNEX INVEST» АҚ ұжымымен кездесті.

  • Бейсенбі, 15 қазан 2015 г.

    Партияның «Жастар Отанға» жобасы аясында «ОРЕОЛ» БПҰ Өскемен қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Біртектілік пен бірлік», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша жастармен кездесу болып өтті.

    Елбасы еліміздің ертеңі – жастарға үлкен үміт артады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру аясында өткен шараға Өскемен қаласының жұмысшы жастары, азаматтық қоғам өкілдерімен қатар студентер де қатысты.

  • Бейсенбі, 15 қазан 2015 г.

    «Қостанай ОТД» бастауыш партия ұйымы Тобыл өңірінің танымал адамдарымен кездесулер ұйымдастыруды жалғастыруда. Бұл жолы Қостанай ОТД қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрағасы,  ҚР Парламент І, ІІ шақырылымының депутаты, Қостанай облысы әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Сергей Жалыбинмен танысты.

  • Бейсенбі, 15 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық Сарыарқа аудандық филиалына қарасты «Бірлік» БПҰ-да (Астана қаласының технологиялық колледжі) бір топ оқытушыны партия қатарына қабылдау рәсімі өтті. Бұл шараға Астана аудандық филиал Төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Шунгульшин қатысты.

  • Сейсенбі, 13 қазан 2015 г.

    2015 жылдың 10 қазан күні «Қазақстан – спорттық ел!» турнирі ұйымдастырылды. Спорттың шағын футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен ұйымдастырылған сайыста 26 бастауыш партия ұйымынан жасақталған командалар, «Бірлік» филиалы Төрағасының Кубогы үшін бақ сынады. Айта кететін жайт, бұл спорттық шара биыл екінші жыл қатарынан өтіп отыр.

  • Дүйсенбі, 5 қазан 2015 г.

    Партияның «Бірлік» филиалына қарасты «Қарлығаш» БПҰ Мұғалімдер күніне орай салтанатты жиын өткізді. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының саяси кеңес мүшесі Ақжүніс Оразалина педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бастауыш партия ұйымы аясында белсенді еңбек етіп жүрген партия мүшелеріне Алғыс хат тапсырды. Ұстаздар алдында сөз сөйлеген ол, біздің ата-бабаларымыз ұстаздарға ежелден бері құрметпен қарап, оларды әр уақытта сыйлағанын айтты. Біздің басты байлығымыз – адам. Абай айтқандай «Ұлылардың ұлысы - Ұстаз», - деді.

  • Сенбі, 3 қазан 2015 г.

    «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалындағы Степногорск подшипник зауыты өз қатарларында 700-ден астам мүшелерді біріктіретін ең ірі бастауыш партиялық ұйым.

    Степноргорскідегі үздік БПҰ-лардың бірін зауыттың бас маманы Валентина Иванова басқаруда, сондай-ақ ол бесінші жыл бойы кәсіпорын негізінде қызмет атқарып жатқан «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Беттер

Опрос

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі балаларды (3 пен 6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі білім берумен қамту  78,6 % құрайды.  Соған қарамастан бала бақшалардағы орын жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр.

Сіз осы проблеманы шешу үшін қандай іс-шаралар қабылдау керек деп санайсыз? 

бала бақшаларды салуға бюджеттік қаржыны көбірек бөлу;
40% (4 votes)
кезекті ілгерілетудегі бақылауды күшейту және қызмет көрсетудің мөлдірлігі үшін әкімшіліктердің сайттарында балалардың толық т
30% (3 votes)
жекеменшік бала бақшалар, мини-орталықтар ашуды мемлекеттің белсенді қолдауы;
10% (1 дауыс)
әскерилер, ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлері үшін ведомствалық бақшалар ашу;
10% (1 дауыс)
пайдалануға берілген жайларда бала бақшалар ашу, мемлекеттік мекеме, ұлттық компаниялар ғимаратының бірінші қабатын пайдалану
10% (1 дауыс)
Берілген дауыс саны: 10